​Нейрохирургия бөлімшесі

Нейрохирургия бөлімшесі – облыс және аудан тұрғындарына жоспарлы әрі шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жоғары технологиялық бөлімше. Бөлімшені жоғары санатты дәрігер, бөлімше меңгерушісі Абдуқаликов Алмас Исаұлы басқарады.

Бөлімше 25 төсек-орынға есептелген және нейрохирургияның нейроонкология, бас миы мен жұлын аурулары, омыртқа патологиялары, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің жарақаттары сияқты маңызды бағыттары бойынша қызмет атқарады.

Бөлімшеде заманауи диагностикалық және хирургиялық технологиялар кеңінен қолданылады. Әрбір науқасқа жеке көзқарас негізінде емдеу тактикасы таңдалып, мүмкіндігінше кіші инвазивті (аз жарақаттайтын) операциялық әдістер пайдаланылады. Бұл тәсіл операциялық жарақатты азайтып, науқастың тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді.

Бөлімше еліміздің және шетелдің жетекші нейрохирургиялық орталықтарымен тығыз ғылыми-тәжірибелік байланыста жұмыс істейді. Жоғары білікті мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында күрделі нейрохирургиялық операциялардың барлық түрлері сәтті орындалады.

Нейрохирургия бөлімшесі – жоғары мамандандырылған медициналық көмекті заманауи талаптарға сай көрсететін, тәжірибелі дәрігерлер мен озық технологияларды біріктірген орталық.

Бөлімшеде бас миы, жұлын және омыртқа ауруларының күрделі түрлеріне диагностика, емдеу және хирургиялық араласулар жүргізіледі.

Кіші инвазивті әдістерді қолдану операциялық қауіп-қатерді азайтып, науқастардың тез сауығуына жағдай жасайды.

Санавиация қызметі арқылы облыстың кез келген аймағындағы науқастарға тәулік бойы кеңестік және шұғыл көмек көрсетіледі.

Заманауи құрал-жабдықтар мен халықаралық деңгейдегі тәжірибе бөлімшенің жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді.

Нейрохирургия бөлімшесінің басты мақсаты – әрбір науқастың денсаулығын сақтап, өмір сапасын жақсарту және қауіпсіз әрі тиімді ем жүргізу.