​МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

15 ақпан – халықаралық ота мейіргерлері күні

Еуропалық операциялық бөлім мейіргерлер қауымдастығы 2009 жылы 15 ақпанда халықаралық ота мейіргерлері күні деп бекітті. Бұл күн біздің елімізде ерекше атап өтілмесе де, ота мейіргерлерінің жауапты еңбегі бағалануда.

Ота мейіргері – дәрігердің негізгі көмекшісі. Оның білімі, қабілеті мен тиянақтылығының арқасында кез келген хирургиялық ем сәтті өтеді. Көп бейінді облыстық аурухананың “Ота жасау” бөлімшесінде 24 ота мейіргері қызмет атқарады. Бөлімше меңгерушісі Исаева Әлия Варленқызы. Аға мейіргер Еділбаева Гүлмира Уалиханқызы.

Білімді де, білікті мейіргерлері бар бөлімше өздерінің жауапты міндеттерін адал атқарып, халықтың алғысына бөленіп жүр. Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қызметтеріне табыс, отбасыларына шаттық тілейміз!