​МЕДИАЦИЯ ТӘРТІПТЕРІН ТҮСІНДІРДІ

Көпбейінді облыстық аурухана қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесі — консультативтік-кеңесші орган өкілдерімен кездесуге қатысты.

Мақсаты - медиация институтын нығайту және дауларды баламалы шешу жолдарын талқылау мақсатында жұмыс атқарады.

Кездеcуге «Praktikos» Еуразиялық заңгерлер және медиаторлар одағы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры, ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы, жаттықтырушы, эксперт-медиатор Жанна Мейрамбекқызы және отставкадағы судья, облыстың «Құрметті судья» атағының иегері, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жаңбыршаева Зина Ізбастықызы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог, қоғам белсендісі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, этномедиация оқу орталығының үйлестірушісі Абдраманова Шахизат Исабайқызы қатысты. Мамандар кеңестің құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа ала отырып, дауларды бейбіт жолмен шешуге көмектесетін медиация тәртіптері туралы айтты.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КМ ұйымдастырған шарада медицина қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, жауап алды.