КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ
Көпбейінді облыстық ауруханада жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған А.Тілеуовке жоспарлы түрде ота жасалды.
Науқасқа қойылған диагноз: оң тоқпан жілік сүйегі диафизінің төменгі 1/3 бөлігінің жарқаштана ығысқан жабық сынығы.
Емдеуші дәрігері Травматология бөлімшесінің травматолог дәрігері Нұрман Рахманұлының айтуынша, науқаста бірқатар қосалқы аурулар анықталған.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), күш түсу стенокардиясы ФК I, артериялық гипертензияның 3-дәрежесі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ФК I (NYHA), А сатысы (АНН/АСА), семіздіктің 4-дәрежесі. Бұл диагноздар наркоз қолдануға жоғары қауіп тудырған. Сондай-ақ, науқастың өзі де ота алдындағы қорқынышы мен үрейін жасырмапты.
Алайда, анестезиологтар Нұргүл Сапарбекқызы мен Жанарыс Жахановтың кәсіби біліктілігінің арқасында науқасқа регионарлы жансыздандыру әдісі қолданылды. Нәтижесінде екі сағатқа созылған ота барысында науқастың есі толық сақталып, хирургиялық араласу сәтті аяқталды.Науқас отадан кейінгі қажетті ем-шараларды толық қабылдап, үйіне шығарылды.







