КҮНДІЗГІ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІ
Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Ал сол қазынаны сақтап, әрбір науқастың өмір сапасын жақсартуға үлес қосатын орын – күндізгі емдеу бөлімшесі. Заманауи медициналық көмек пен білікті мамандардың тәжірибесі ұштасқан бұл бөлімше науқастардың тез сауығып,қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді.
Күндізгі емдеу бөлімшесінің меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Алтыбаев Ерлан Серікбайұлы.
Бөлімше 2013 жылдан бері халыққа стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетіп келеді. Алғашында 15 төсек-орынмен ашылған бөлімше бүгінде 105 төсек-орындық заманауи құрылымға айналды.
Бөлімше құрамына:
30 төсек – хирургиялық;
25 төсек – терапиялық;
30 төсек – көз аурулары;
10 төсек – кардиологиялық;
10 төсек – күндізгі оңалту қызметі кіреді.
Күндізгі емдеу бөлімінде тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін науқастарға толыққанды емдік және диагностикалық көмек көрсетіледі.
Мұнда тәжірибелі мамандар қызмет атқарады:
Терапевт;
Кардиолог;
Невропатолог;
Хирург;
ЛОР дәрігері;
Офтальмолог;
Бет-жақ хирургы;
Травматолог;
Уролог-андролог;
Гинеколог;
Реабилитолог.
Бөлімшеде қанайналым, тыныс алу, жүйке жүйесі, ас қорыту, қан аздық, буын-бұлшықет және зәр шығару жүйесі аурулары бойынша кешенді ем жүргізіледі.
Күндізгі хирургия бөлімінде бір күнде 10-12 операцияға дейін жасалып, офтальмология, урология, ЛОР, жалпы хирургия, травматология және бет-жақ хирургиясы бойынша көптеген заманауи оталар орындалады.
Науқастарға қажетті зерттеулер мен мамандар кеңесі ұйымдастырылып, заманауи емдеу әдістері қолданылады.
Күндізгі емдеу бөлімшесі – сапалы медициналық көмектің, кәсібилік пен жанашырлықтың үлгісі. Мұнда әрбір науқастың денсаулығын жақсарту, уақытылы ем алып, күнделікті өміріне тез оралуы басты мақсат болып табылады. Заманауи медициналық мүмкіндіктер мен білікті мамандардың үйлесімді еңбегі халық денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.
Медицина қызметкерлері күнімен бөлімше ұжымын құттықтаймыз және зор алғысымызды білдіреміз!
Ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына амандық және еңбектеріне толағай табыс тілейміз. Әрбір емделушінің алғысы мен ақ батасы сіздердің еңбектеріңіздің ең үлкен марапаты болып, халық игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым биік бағалана берсін!







