КАРДИОРЕАБИЛИТАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ
Жүрек-қан тамырлары аурулары – қазіргі таңдағы өзекті медициналық мәселелердің бірі. Жүрек қызметін қалпына келтіру және науқастардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көпбейінді облыстық ауруханасында арнайы кардиореабилитация бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімше білікті мамандардың жетекшілігімен жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі операциялардан кейінгі науқастарды оңалтудың маңызды орталығы болып табылады.
Бөлімше меңгерушісі: Қадірбаев Абдрахман Аманкелдіұлы
Қуаттылығы: 25 төсектік орын.
Қызмет көрсету ауқымы: Қызылорда қаласы мен облыстың аудан тұрғындары.
Бөлімшеге жатқызылатын негізгі санаттар:
Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастар (стенттеуден кейінгі жағдайлар, миокард инфарктісі).
Жүрек ырғағын басқаратын құрылғылары бар (ЭКС) науқастар.
Кардиохирургиялық операциялардан кейінгі жағдайлар (АКШ, жүрек қақпақшаларын протездеу, ЖЖА).
Диагностика және емдеу мүмкіндіктері:
Бөлімшеде заманауи медициналық талаптарға сай емдеу және диагностика жүргізіледі. Күрделі жағдайларда тиісті сала мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Зерттеу әдістері:
ЭКГ және қан қысымын тәуліктік мониторингтеу.
Велоэргометриялық сынама (жүктемелік сынама).
Эхокардиография (ЭХО КГ).
Науқастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бөлімше жеке дәретханасы мен себезгісі бар 1, 2 және 3 кісілік палаталармен жабдықталған.
Кардиореабилитация – пациенттердің жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін тезірек қалпына келуіне және қоғамға толыққанды өмір сүруге оралуына бағытталған кәсіби бөлімше.
Басты мақсат – заманауи технологиялар мен білікті дәрігерлік көмектің арқасында әрбір науқастың денсаулығын жақсартып, асқынулардың алдын алу болып табылады.







