ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Көпбейінді облыстық ауруханада «ИХЛ анализаторында талдаулар жүргізу және иммуногематологиялық зерттеулерде гель технологиясын қолдану» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «2024–2026 жылдарға арналған клиникалық-диагностикалық зертханалық көмекті жетілдіру» жөніндегі жол картасына сәйкес Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында өтті.
Семинар аясында «Қан сарысуындағы D дәруменін ИХЛ әдісімен анықтау» тақырыбында зертханашы маман Г.Н.Мустафина баяндама жасады.
«Туберкулез инфекциясына арналған иммунологиялық тесттердің салыстырмалы сипаттамасы» туралы Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың КДЛ бөлімінің меңгерушісі Кабдулова Фатима Абилхасанқызы және «Претрансфузиялық диагностиканың жаңалықтары»
«Иммукор-Восток» ЖШC-ның ТМД бойынша иммуногематология бағытының жетекшісі, Малахов Алексей Михайлович өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, «Ұрық пен жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруының алдын алу үшін жүкті әйелдерде антиэритроцитарлық антиденелер скринингінің негізгі аспектілері» және «Антиэритроцитарлық антиденелер титрін интерпретациялау» тақырыптарын РФ Ленинград облыстық Қан орталығының клиникалық зертханалық диагностика бөлімінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер-гинеколог Фомичева Дарья Александровна баяндады.
Білікті мамандар тәжірибе алмасты, өзекті тақырыптар талқылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.