ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМІ
Госпиталдық фармация бөлімше меңгерушісі Кальманова Айман Баймұханқызы. Госпиталдық фармация бөлімі – стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның маңызды құрылымдық бөлімшесі. Бөлімнің негізгі мақсаты – пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы, сапалы әрі қауіпсіз қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қозғалысын толық бақылау.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоймаға түскен сәтінен бастап пациентке берілгенге дейінгі қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету;
Әрбір дәрілік зат пен медициналық бұйымды пациентке дербестендіріп беру мақсатында жеке QR-кодпен таңбалау;
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пәндік-сандық есепке алу және талапқа сай сақтау;
Дәрігерлерді дәрілік препараттар туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Пациенттердің сапалы ем алуына қажетті дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Медициналық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында госпиталдық фармация бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл – бөлімшенің кез келген уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуге дайын екенін білдіреді.
Госпиталдық фармация бөлімі – қауіпсіз, тиімді және сапалы емнің маңызды буыны. Пациенттердің денсаулығы жолындағы жауапты еңбегі үшін бөлім ұжымына алғысымызды білдіреміз!







