ДЕЛЕГАТТАР КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, басқарма басшысы Олжас Искаков және “Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейірбике ісінің озық тәжірибелерін енгізу" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция делегаттары өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының басшылары Көпбейінді облыстық аурухана жұмысымен танысты.
Аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов мекеме құрылымымен және жетістіктерімен таныстырды. Атап айтқанда, 70 орындық перинаталдық бөлім жұмысын көрсетті. Сонымен қатар, КТ және МРТ бөлімшесіне барып, жаңадан алынған 128 кескінді GE Evolution КТ аппаратының жұмысын көрді. Ауруханада ангиографилық «Siemenes Axiom Artis Zee», «GE Optima» аппараттары арқылы өткен жылы 3470, ал жыл басынан бері 1250 зерттеу және ота жасалды.