​БАЛАЛАРДЫ АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Жасұлан Болатбекұлы бүгін Акушерлік бөлімнен үйіне шығарылған 10 нәресте мен олардың аналарын 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Нәрестелердің бауы берік болсын! Денсаулықтары мықты болсын! Еліміздің бір-бір мақтанышы болып өссін!» деп тілегін білдірді аурухана директоры. Балалар мен аналарына аурухана ұжымы атынан сыйлықтар табыс етті. Ауруханадан шығарылған 5 сәби Акушерлік бөлімде қалыпты жағдайда дүниеге келген. Ал қалған бесеуі “Жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы” бөлімшесінде денсаулықтарына байланысты ем қабылдаған.

Айта кету керек, неонатальды блокқа жыл басынан бері 226 нәресте түсті. Олардың ішінде 10 егіз нәресте, шала туылғаны 51, мерзімінде туылған 175 нәресте ем қабылдады. 1000 граммнан төмен салмақтағы 5 нәресте ұзақ мерзімді ем алып үйіне шығарылды.