​АУРУХАНАДА “АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ

Көпбейінді облыстық ауруханада кардиоорталықтың құрылғанына 15 жыл. Аталған мерейтойға орай, аурухана ұжымы бірнеше маңызды іс-шаралар өткізуде. Солардың бірі бүгін «Жүрек-қан тамырлары» ауруларымен ауыратын науқастарға тегін, жолдамасыз «Ашық есік күні» өтті.

Облыс тұрғындарын аурухананың кеңес беру диагностикалық бөлімінде Астана қаласының UMC жүрек орталығының кардиолог дәрігері Әсем Бауыржанқызы және ауруханамыздың Кардиология -1 бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас кардиологы Гүлназ Темірбекова,

қан-тамыр хирургі Махатаев Мұқағали Абдуллаұлы, кардиохирург Сейдахметов Жеңісбек Сардарбекұлы, кардиолог Қоразов Ғалымжан Куантайұлы қабылдау жүргізді.

Ашық есік күнінде қырыққа жуық науқастың жүрегін ультра дыбыстық зерттеуден өткізіп, сырқаттарына сай дәрігерлік кеңес алды.