​АЛҒАШ РЕТ ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада алғаш рет 17 қараша — Халықаралық шала туылған нәрестелер күні аталып өтілді. Оған мерзімінен ерте туылып, ауруханадан ем алып шыққан барлық балалар мен аналары қонаққа келді. Шарада аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы балаларға ақ тілегін арнап, аурухана ұжымы атынан сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, нәрестелерге демеушілік жасап жүрген «Mamam kzo» дүкені, «Нутрилак» сауда белгісі мен «28 ілмек» еріктілер клубының мүшелері сөз алып, аналарға жылы лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде шала туылған шақалақтың аналары да ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.

Айта кету керек, 2024 жылдың наурыз айында Көп бейінді облыстық ауруханада 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Онда Акушерлік бөлімнен бөлек, “Жаңсақтау және жаңа туған нәрестелердің патологиясы” бөлімшесі бар. Бөлімшеде 20 төсек орын арналған, оның ішінде 6 орында ауыр жағдайдағы нәрестелерге қажет жан сақтау палаталары қамтылған.Нәрестелерге сапалы медициналық көмекті жоғары санаттағы және білікті мамандар көрсетуде. Бөлімше заманауи медициналық аппараттармен, тиісті дәрілік заттармен медициналық бұйымдармен жабдықталған.

2024 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін акушерлік бөлімде 1383 ана босанып, “Жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы” бөлімшесіне 622 нәресте түсіп, емделді. 183 нәресте мерзімінен ерте шала туылды. Олардың ішінде салмағы 500-999 грамм аралығындағы 17 нәрестеге, ал салмағы 1000-1499 грамм болған 18 шақалаққа медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне шығарылды