​№2 ЖЕДЕЛ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

«Хирургия – дәлдік пен батылдықты, білім мен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Адам өмірі үшін күресіп, денсаулыққа деген сенімді қайта сыйлайтын жандардың еңбегі – нағыз ерлік.»

№2 жедел хирургия бөлімшесі – Көпбейінді облыстық аурухананың заманауи талаптарға сай жабдықталған, жоғары мамандандырылған бөлімшелерінің бірі. Бөлімшені жоғары санатты дәрігер Мантаев Бекет Тайшыбекұлы басқарады.

Бөлімше 25 төсек-орынға арналған:

13 – жалпы хирургиялық;

5 – проктологиялық;

5 – іріңді хирургиялық;

2 – оториноларингологиялық науқастарға.

Бөлімшенің негізгі бағыттары:

Абдоминальді хирургия;

Торакальді хирургия;

Эндоскопиялық хирургия;

Проктологиялық хирургия;

Лапароскопиялық операциялар.

Бөлімшенің артықшылықтары:

Аз жарақатты заманауи операциялар;

Ауырсынудың аз болуы;

Операциядан кейінгі асқынулардың төмендігі;

Науқастың ерте қалпына келуі;

Тыртықтың аз қалуы;

Бір мезетте бірнеше диагностикалық зерттеу жүргізу мүмкіндігі.

Мамандандырылған хирургиялық бригада құрамында:

Жалпы және эндоскопиялық хирургтер;

Хирург-проктолог;

Эндокринологиялық хирург және басқа да білікті мамандар қызмет атқарады.

Проктологиялық кабинетте:

Заманауи диагностика;

Отасыз емдеу әдістері;

LigaSure технологиясы;

Склеротерапия және геморрой түйіндерін байлау;

Психологиялық жайлы жағдайда ем жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бөлімшеде көптеген диагностикалық зерттеулер жүргізіледі:

УДЗ; КТ; МРТ; Колоноскопия; Лапароскопия; Бронхоскопия; Гастроскопия; Зертханалық диагностика және басқа да тексерулер.

Мұнда проктологиялық және жалпы хирургиялық оталардың барлық түрлері заманауи әдістермен орындалады.

Бөлімше мамандары:

Мантаев Бекет Тайшыбекұлы – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер;

Цой Вероника Антоновна – жоғары санатты хирург;

Жалимбетов Рауан Құрманбайұлы – бірінші санатты хирург;

Аристанова Айдана Нұрбайқызы – жоғары санатты хирург.

№2 жедел хирургия бөлімшесі – кәсібилік пен заманауи медицинаның, жауапкершілік пен жанашырлықтың үйлесім тапқан орны. Мұнда әрбір операция – адамның денсаулығын қалпына келтіруге, әрбір ем – өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Ақ халатты абзал жандардың білімі мен тәжірибесі, жанқиярлық еңбегі көптеген жандарға саулық пен үміт сыйлап келеді.

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Адам өмірін сақтап, денсаулық сыйлауды өмірлік мұрат еткен бөлімше ұжымына зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Ақ халатты абзал жандардың мерейі үстем болып, халықтың алғысы мен құрметіне бөлене берсін!