​№1 ЖОСПАРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Хирургия №1 бөлімшесі 30 төсек орынға арналған, жұмсақ және қатты құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесі ТМД аумағындағы абдоминальді, торакальді және эндоскопиялық хирургияда көшбасшылардың бірі болып табылады.

Бөлімше құрылған күннен бастап көптеген күрделі оталар жасалып келеді. Мамандарымыз АҚШ, Франция, Түркия, Израиль, Литва, Ресей, Украина сияқты елдердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған.

Бөлімше қызметкерлері ғылыми конференциялар мен хирургиялық форумдарға тұрақты қатысады. 10 республикалық және ұлттық журналдарда 110-нан аса ғылыми мақала жарияланған.

Бөлімшенің басым бағыты:

Кіші инвазивті абдоминальді, торакальді және лапароскопиялық оталарды орындау.

Артықшылықтары:

• ауырсыну сезімінің аз болуы

• асқынулардың аз болуы

• науқастардың тез қалпына келуі

• жоғары косметикалық әсер, тыртықтың аз болуы

• бір мезгілде бірнеше (2–3) отаны жасау мүмкіндігі

Мамандандырылған хирургиялық топ:

• жалпы хирург

• эндовидеохирург

• торакальді хирург

• эндокринді хирург

Ота жасалатын науқастар:

• Жіті аппендицит

• Бауыр гемангиомалары

• Өт қабы және өт жолдары ісіктері

• Бауыр эхинококкозы

• Бауыр альвеококкозы

• Бауыр кисталары

• Бауырдың поликистозы

• Ұйқы безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері

• Ұйқы безінің цистаденомасы

• Фатеров емізікшесінің ісіктері

• Ұйқы безінің кисталары және жыланкөздері

• Жедел және созылмалы холецистит

• Холедохолитиаз

• Өт жолдарының тыртықты тарылулары

• Іштің ақ сызығының, шап, кіндік және отадан кейінгі вентральді жарықтар

• Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

• Асқазан, тоқ ішек және жіңішке ішек ісіктері

• Қалқанша безінің хирургиялық аурулары

ДИАГНОСТИКА:

• ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

• компьютерлік томография (КТ)

• рентген контрастты зерттеу әдістері

• зертханалық диагностика

• лапароскопия

• гастродуоденоскопия

• колоноскопия

• бронхоскопия

• магнитті-резонансты томография (МРТ)

Хирургиялық оталар мен технологиялар:

• Бауыр резекциялары (гемигепатэктомия, сегментарлы, атипиялық)

• Эхинококкэктомия (ашық/лапароскопиялық)

• Бауыр гемангиомасының энуклеациясы

• Бауыр кисталарын алып тастау (ашық/лапароскопиялық)

• Ұйқы безіне радикальді оталар (панкреатодуоденальді резекция, дистальді, корпокаудальді резекция)

• Ұйқы безін дренаждау оталары (панкреатоеюностомия, цистоеюностомия)

• Холецистэктомия (ашық/лапароскопиялық)

• Холедохолитотомия, өт жолдарын сыртқа дренаждау

• Өт жолдарына реконструктивті оталар (гепатикоеюностомия, т.б.)

• Кіші инвазивті билиарлы декомпрессия (тері арқылы дренаждау)

• Бауыр арқылы пункционды холецистостомия

• Жалпы хирургиялық оталар

• Жарық қақпаларын Ultrapro полипропиленді торымен кернеусіз пластика

• Субтотальді және тотальді тиреоидэктомия

• Асқазан резекциялары (Бильрот I, Бильрот II, Цацаниди бойынша гастроспленэктомия)

• Жіңішке және тоқ ішек резекциялары, гемиколэктомия

Эндоскопиялық оталар:

• холецистэктомия

• холангиография

• аппендэктомия

• ваготомия

• фундопликация (Ниссен)

• герниопластика TAPP, IPOM

• диагностикалық және санациялық лапароскопия

• адреналэктомия

• өкпе кистэктомиясы

• бауыр кистэктомиясы

• ЭРПХГ

• Мұратов Дәулет Шәкіратұлы – бөлім меңгерушісі, екінші санатты дәрігер

• Жалмағанбетов Әсет Әбутәліпұлы – КБОА директорының хирургия ісі бойынша орынбасары

• Шүленбаев Абдулла Сыздықұлы – дәрігер хирург, бас хирург, жоғары санатты дәрігер

• Таждинов Жандос Бектұрғанұлы – бет-жақ хирургы, жоғары санатты дәрігер

• Жарасова Айгерім Болатқызы – дәрігер хирург

№1 жоспарлы хирургия бөлімшесі – заманауи технологиялармен жабдықталған, жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін, күрделі хирургиялық оталар сәтті орындалатын жетекші орталық.

Біздің мақсат – әр науқасқа сапалы, қауіпсіз және тиімді медициналық көмек көрсету!