​АКУШЕРЛЕР — АНА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ

АКУШЕРЛЕР — АНА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ

Бүгін – халықаралық акушерлер күні

Бұл кәсіби мереке Бүкіләлемдік акушерлер қауымдастығының ұсынысымен 1987 жылдан бері тойланып келеді. Көпбейінді облыстық аурухананың Акушерлік бөлімінде еңбек ететін 15 штаттық акушердің кәсібилігінің арқасында 400-ден астам сәби дүниеге келеді. Білікті мамандар ана мен бала үйге шығарылғанша әйелдің денсаулықтарын бақылайды. Жоғары санатты акушерлер нағыз өз ісінің майталмандары. Өткен жылы облыс бойынша үздік акушер атанған Гүлзат Жұмабекова да біздің әріптесіміз.

Аурухананың барлық акушерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, қызметтеріне табыс тілейміз!