​АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ

15 шілде-Халықаралық гинеколог күн

Гинеколог - әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің ауруларының, бұзылулары мен асқынулардың алдын-алу, тексеру және емдеумен айналысатын дәрігер. Сондай-ақ, әйел денсаулығына қауіпті жүктіліктің толық алдын-алады. Әйелдерде әртүрлі гинекологиялық аурулардың пайда болуын болдырмау немесе оларды ерте сатысында анықтау және емдеуді уақтылы бастау үшін үнемі физикалық тексеруден (скринингтен) өтуі керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген сәттен бастап пациенттерге МӘМС шеңберінде гинекологияда жоғары тиімді технологиялар, лапароскопиялық операциялар қолжетімді. Сондай-ақ стационарды алмастыратын көмек және жоспарлы стационарлық көмек. Барлық жұмыс істемейтін асырап алушы әйелдер жеңілдікті санатқа жатады және сақтандырылған мәртебеге ие.

Көпбейінді облыстық ауруханада бірқатар білікті гинеколог мамандар еңбек етеді.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Маханова Ғалия Тұрғанбайқызы, акушер-гинеколог дәрігері Хан Виктор Евгеньевич, акушер-гинеколог дәрігері Джанкараев Тимур Ибрагимұлы, акушер-гинеколог дәрігері Камзаев Айдос Әуелбекұлы, акушер-гинеколог дәрігері Мырзахметова Дана Өміртайқызы.

Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз!