​ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕМДІК ПЛАЗМАФЕРЕЗ БӨЛІМШЕСІ

Исаева Алия Варленовна

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Қан құю бөлімшесі 1969 жылдан бері жұмыс атқарады. Ол кезде ҚҚБ нің міндетіне қан әзірлеу, қан тобымен резус факторын анықтау, облыс және аудан ауруханаларын сұраныстарын қамтамасыз ету болатын.

Қазіргі күнде ҚҚБ трансфузиология кабинеті болып аталады, Бөлім міндетіне күндізгі уақытта жоспарлы және жедел түрде жатқызылған науқастардың қан тобымен резус факторын анықтау болып табылады. Одан бөлек, бұл бөлімшеде ОМО бойынша жүргізілетін инфузия-трансфузиялық терапияның есебі жүргізіліп, 1998 жылдан бері емдік плазмаферез жүргізіледі. 2006 жылы кабинет жұмысына моноклоналды антиденелер (цоликлондар) әдісімен топтық және резус-факторын анықтау енгізілді, ал 2008 жылдан бастап, осы әдіс толық ақпараттандырылған және дәлме-дәл деп танылып, КБОА осы әдіске толығымен ауысты. Кабинет қызметкерлері дәрігерлер, орта буын қызметкерлерімен сабақ жүргізіп, клиникалық бөлімшелерге трансфузиология сұрақтары бойынша методикалық көмек көрсетіп, қызметкерлерге жоспарлы тексерістер мен аттестация жүргізіп тұрады.

Облыс бойынша бірінші рет 1998 жылы терапиялық емдік плазмаферездің 4 сеансы жүргізілді, сол күннен бері сеанстар саны ұлғаюда. Небары 13 жылдың ішінде, 6 мың науқасқа шамасы 20 мың емдік сеанс жүргізілді.

2003 жылы бөлімшеге, үзіліссіз аппараттық плазмаферез өткізуге арналған неміс өндірісінің «Hemonetic» аппараты алынды, 10 жыл ішінде бұл аппаратпен 800 емделуші ем алды. 2010 жылы мембрандық плазмаферезге арналған «Гемофеникс» аппараты алынып, 5 жылда 140 тан астам сеанс жүргізілді.

Қазіргі кезде ЕП 200 ден астам ауру түрлері мен синдромдарын емдеуде , көбінесе ол таңдау құралы болып келеді.

Қызылорда қаласының көп бейінді облыстық ауруханасы дискеттік және аппаратты плазмаферез қолданылады. Амбулаториялық жағдайда трансфузиология кабинетінде қан тобы мен резус факторын анықтауға болады.

Қазіргі күні трансфузиология кабинеті көпсалалы үлгідегі аурухананың 5 қабатында орналасқан. Емдік плазмаферезге арналған екі кабинет, қан тобымен резус түрін анықтауға арналған ота бөлмесі, трансфузиялық құралдар сақталатын кабинет, қосымша бөлмелер бар, ҚР денсаулық сақтау министірінің бұйырығымен, бөлімшелерге қан компонеттерін жіберетін тәулік бойлық күзет орны енгізілген. КБОА бойынша «inlaine» трансфузиялық ерітінділер қыздырғышы, плазманы ерітетін аппарат жұмысқа енгізілген. Облыс бойынша бірінші рет 2013 жылы газотранспорттық эмульсия - перфторан, «Гемофеникс» аппараты және «Алтеко Э» гемосорбенті қолданысқа алынды.

Байланыстелефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі номірлер 178