Аурухана тарихы

Алғашқы рет 1853 жылдан Перовск орталық уездінің тұрғындары (4-5 мың адам) медициналық көмекті, әскерилерге көмек көрсету мақсатында құрылған лазареттен ала бастады. Онда бір дәрігер және көмекші әйел болды. Олар көмекті әскери адамдарға ғана емес шенді азаматтарға, мүмкіндігінше жергілікті тұрғындарға да көрсетті. 1858 жылдан әскери лазарет Медициналық лазарет болып аты өзгертіліп, Перовск тұрғындарына көмек көрсете бастады.Совет билігі құрылған соң ғана халыққа медициналық көмек көрсетілу өзгерді. Баршаға белгілі 1925 жылы астана Орынбордан Перовскіге ауыстырылып, сосын Қызылорда деп аты өзгертілді.

Қызылорда облысының территориясында орналасқан, Сырдарияның барлық даласында сонымен байланысты экономикалық өзгерістер болды. 1938 жылы қалалық аурухана базасында Қызылорда облыстық ауруханасы құрылды.1958 жылдан 1976 жылдары аурухана бас дәрігері Абдуллаев Шәдібай Нұрғазиевич, ал 1976-2003 жыл аралығында Маханов Тұрғанбай Маханович, жұмыс жасай отырып, күшімен уақытын аямастан аурухананың қалыптастыру, мамандармен қамтамасыз ету, заманауи құралдармен жабдықтау, аурухана базасының материалдық-техникалық жақсарту жолында енбек атқарды. 1992 жылы көп мамандандырылған аурухана кешені құрылысы басталып, 1998 жылы бір бөлігі пайдалануға беріліп, 2001ж қараша айында аяқталды. 1999 жылы облыстық аурухана облыстық медицина орталығы болып аты өзгертілді, ал 2019 жылдың ақпан айынан бастап көп бейінді облыстық ауруханасы болып өзгертілді. Аурухана басшылары А.С.Идирисов, Ш.Н.Абдуллаев, Т.М.Маханов, Д.А.Дәулетбаев, А.С.Шүленбаев, Н.Б.Табынбаев, М.Қ.Телеуов, С.Б.Пазилов, Н.Е.Әмитов, 2023 жылдың қазан айынан бастап Ж.Б.Баймаханов басқарады.