ТЕРАПИЯ №2

Алдабергенов Ерболат Мәлікұлы

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Бөлімше 25 төсек орыннан құрылған: 5 – пульмонологиялық, 5 - аллергологиялық, 5 – токсикологиялық, 10-гастроэнтерологиялық төсек орын.

Бөлімше көп бейінді облыстық ауруханасының жоғары мамандандырылған стационарлық құрылымы болып саналады. Бөлімшеде бронхит, бронхиттік астма, пневмония, өкпенің бронхоэктаттік сырқаты, идиопаттық фиброздық альвеолит өпке сырқаттары және әр түрлі аллериялық патологиясы бар науқастар ем алады. Аллергиялық сырқаттар бірнеше түрде кездеседі: ринит, синусит, астма, есекжем, дерматит және дәрі дәрмекпен азық түліктік.

Токсикологиялық төсек орындар дәрі дәрмекпен, жылан, қарақұрт, бүйе, сарышаян уынан, сірке су, пеш иісінен уланған науқастар үшін арналған. Бұндай науқастарға антидотты терапия, энтерсорбция, дезинтоксикациялық, жылдам диурездік инфузиялық терапия, ГБО терапиясы, плазмоферез емі жүргізіледі.

Кеңірдек тарамдарының өткізу қасиеті бұзылуы сырқаттары алдыңғы орында, бөлімшенің негізгі емдік-диагностикалық қызметі: бронхөкпе жүйесінің терапиясы мен дифференциалдық диагностикасы.

Кеңірдек тарамдарының өткізу қасиеттері бұзылуымен қосақталып жүретін негізгі сырқаттар: өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА - ХОБЛ) және бронхиалдық астма (БА). Аталған аурулардың жетекші патогенетикалық компоненті дем алғанда ауа легінің шектелуі салдарынан, науқас ентігіп, тұншығады. ӨСОА кезеңінде, кеңірдек тарамдарының өткізу қабілеті жағдайы, оның саралануының негізін және үрдіс сатысын анықтайды. Сондықтан, қажетті зертханалық зерттеулерден бөлек, құралдық ерекше әдістегі спирография, диагностикалық ФБС, пикфлоуметрия сияқты зерттеулерді қажет етеді. Соңғы аталған зерттеулер тікелей дәрігерлермен бөлімшеде, астма кабинеті шеңберінде өткізіледі. Осылайша, бөлімшеде төмендегі диагностика және ем әдістері жүргізіледі:

-Жалпы клиникалық және биохимиялық;

-иммунологиялық;

-функционалдық, рентгенологиялық, эндоскопиялық;

-қалыпқа келтіру емі (оның ішінде нейбулайзеротерапия);

Бронхиалдық астмасы бар науқастарды дер кезінде бақылап, коррекциялық ем жүргізу мақсатында, бөлімшеде астма-кабинет қызмет атқарады. Кабинетте дәрігерлер науқастарды ингаляциялық терапия құралдарымен жеке небулайзерлерді қолдану әдістерін, және өзін өзі бақылау әдістерін (пикфлоуметрия) үйретеді.

Инъекциялық түрдегі «Омез» протондық помпаның ингибиторын, гастродуоденалды жүйенің қауіпті жағдайындағы жіті эрозивтік-жара зақымдануы пайда болғанда гастроэнтерологиялық сырқаттар емінде қолдану, гастродуоденалды жүйенің жіті эрозивті-жара зақымдану қатерін төмендетеді.

Инъекциялық түрдегі «Омез» протондық помпаның ингибиторын, бауыр циррозы аясында өңеш варикоз тамырларының кеңеюінде қолдану, қан кеткен науқастарды емдеу нәтижелерін көтеріп, қан кету жағдайларын қайтаналануының бетін алады.

Негізгі емдік қызметтен бөлек, бөлімше дәрігерлері бронхөкпе, аллергиялық патологиясы бар науқастарды дер кезінде анықтау және профилактика сұрақтары бойынша дәрігерлерге арналған семинар, конференцияларға қатысады, облыс аудандарына телемедицина арқылы кеңес береді, қажет болған жағдайда аудандарға санавиациямен барады.

Бөлімше дәрігерлері:

Е.М.Алдабергенов, бөлім меңгерушісі,бірінші санаттағы дәрігер -токсиколог,

Ш.А.Әбенова -бірінші санаттағыдәрігер аллерголог,бірінші санаттағы дәрігер-пульмонолог;

А.К.Смаханова – жоғары санаттағы дәрігер терапевт,дәрігер –пульмонолог;

Қоңырбаева Н.А – дәрігер терапевт;

Г.Рабатова – бірінші санаттағыдәрігер-терапевт,дәрігер-гастроэнтеролог;

Біздің байланысу:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі нөмірлер339, 173, 229, 331