​СТАТИСТИКА БӨЛІМІ

Абдрахманов Нурбек Ерболатович

Бөлімше меңгерушісі

Алғашқы ұйымдастыру-әдістемелік бөлім 1963 жылы ашылған болатын. Статистика бөлімі облыстық аурухана ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің тарихының мұрагері. Бөлім құрамында ересектерге және балаларға көрсетілетін, ММК және ЖММК, кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек және ақылы медициналық қызметтердің жұмысын құрылымдастыру жұмыстарын жүргізетін 7 маман қызмет атқарады. Жеті маманның ішінде 2 жоғары білім, 5 медицина статистикасы- медициналық арнайы орта білім иегерлері.

Бөлімнің негізгі қызметі:

Медициналық статистика есебінің жағдайын, статистикалық құжаттардың айналымын ұйымдастыру мен бақылау.

Медико-статистикалық ақпаратты біріктіріп, өңдеу, медициналық құжаттардың есебі мен есеп-қисабының анықтығын қамтамасыз ету.

Тұрғындар денсаулығы және көп бейінді облыстық ауруханасының қызметі жайлы медико-статистикалық сараптамасын жүргізу, арнайы статистикалық зерттемелерді іске асыру.

Кезеңдік, жылдық статистикалық есептердің жүргізілуін және оны белгіленген мерзімде тиесілі мекен-жайға жеткізілуін қамтамасыз ету.

Медициналық статистикалық мәліметтерді өңдеудегі заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарына қатысу.

«Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету» орталығының қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету (соңғы кезде жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша көрсетілетін қызмет мөлшерінің ұлғаюына байланысты, аталған бағыт қызметтің бірінші орнына шығуда).

Халықаралық, облыстық дәрігерлер, орта буын қызметкерлері конференцияларын, семинарлар, жиналыстар ұйымдастыру- дайындық жұмыстарын атқару;

Өтінім бойынша берілген қызметтердің, лицензиядан өтуіне қажетті материалдар мен құжаттарды дайындау;

Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін медициналық құжаттардың белгіленген түрдегі бланкілерімен қамтамасыз ету;

Медициналық статистика бойынша сұрақтар орталығының қызметкерлеріне кеңес беру қызметі;

Бүгінгі күні барлық есеп түрлері мәлімет базасына электронды түрде ендірілді.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап КБОА ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі Бірегей Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі ақпараттық-технологиялықты қолдау бойынша жұмыс жасайды.

Көп бейінді облыстық ауруханасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, барлық емдік және қосалқы бөлімшелер компьютерлермен, коммуникациялық құралдармен толығымен жабдықталған.

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінде статистикалық ақпаратты өндіретін және сараптайтын қалыпты бағдарламалар ендірілген.

Компьютерлік жүйе құрылған, КБОА–ның барлық бөлімшелері құрылған жүйеге қосылған.

Медициналық қызметкерлерге тренингтер, семинарлар өткізіліп тұрады.

Ақпараттық технологияларды ендіру, бірталай қаражатты кажет етеді. Бұл шығын, нақты бір уақыттан кейін, қызметкерлер саны азаюымен толықтырылады, сонымен қатар жұмыстың сапасы артып, қойылған мақсаттардың күрделілігі шешіледі.