​РЕАНИМАЦИЯ – АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

АТАКАЕВ АБДУСАМАТ КУРБАНБЕКОВИЧ

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Реанимация – анестезиология бөлімшесі Қызылорда облысында алғаш рет 1969 жылы 21 сәуірде Денсаулық Сақтау Министрінің бұйрығымен 6 төсек – орындық облыстық ауруханада ашылды. Қызылорда облысында 1957 жылы тамыз айында алғашқы жансыздандыруды Киев қаласында білім жетілдіру институтында мамандандырылған дәрігер анестезиолог – реаниматолог Л. М. Жордан (Красногвардеец) наркоз аппаратымен хлороформ+ эфир қосындысымен ингаляциялық эндотрахеальды наркозды қолдануды жүзеге асырды. 1964 жылы дәрігер анестезиолог – реаниматологтың Ө. Ә. Наурызбаевтың басшылығымен ( интубациялық, маска арқылы, тамыр ішілік, жұлындық) жансыздандырудың саны 120 артты. 1967 жылы ауруханға жаңа наркоздық аппараттар (УНА), (УНААП), (ХИРАНА) алынды. 1969 жылы Реанимация – анестезиология бөлімшесінің ашылуына байланысты Москва қаласында мамандандырылған дәрігерлер Б. К. Жакипов, Ш. А. Нурумбетовтердің біліктіліктерінің арқасында төмендегі сауалдарды шешуге атсалысты:

1. Науқастарға анестезиологиялық жансыздандырудың түрлерін кең көлемде ұлғайту,өндіріске енгізу.

2. Наркоздың жаңа тәсілдерін игеріп, мамандану.( нейролептоанальгезия, атаральгезия, алкогольды, азеотропты, фторотанды наркоздар)

3. Медицина қызметкерінің арасында өкпе-жүрек реанимациясынан дәріс беру, іс-шара жүзінде іске асыру.

Облыстық аурухана 1970 жылдан облыстағы дәрігер анестезиолог- реаниматологтарға дәріс беру, жансыздандыруларды үйрету, мамандану орталығына айналды. 1972-1973 жылдар аралықтарында ауруханаға алғашқы (РО-2),(РО- 3) тыныс алу аппараттары, (НАРКОН-П), (ПОЛИНАРКОН-2), (ПОЛИНАРКОН-2П) аппараттары алына бастады. 1986 жылдары 1 ОКМТ барокамера алынып, 2 дәрігер, бірнеше медбикелер мамандандырылды, көміртегімен уланған науқастарға , септикалық жағдайларда, журек қан тамырларының, ми-қан тамырларының зақымданғанда кең көлемде жетілдендірілген медициналық көмек көрсетіле бастады. 1975 жылы облыстық ауруханада дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың тәулік бойынша кезекшілігі ұйымдастырылып,экспресс-зертхана ашылды. Экспресс- зертхананың алғашқы ұйымдастырушы дәрігер А. Е Танбаева. Осы салада қарқынды емдеуді жақсарту мақсатында соңғы үлгідегі көптеген жаңадан (Газды анализатор АВL800 FLEX, биохимиялық анализатор А25, Каолуграмма анализаторы «Sysmex CA-50»6 Бинокулярлы микроскоп СХ31, Фотометр 5010, Гемотокритті аппарат Kokusan Н1200М) аппараттар алынып зерттеулер жүргізілуде.

1985 жылдан бастап экстракорпоральды детоксикация, гемосорбция, спленосорбция, плаценттосорбция, қанды УФО терапия әдісі,лимфосорбция, гемодиализ, тәсілдері қолданыла бастады. 1989 жылы күйікке қарсы (КЛИНИТРОН) керуеті алынғаннан бастап облыс аумағындағы күйікке қарсы шаралар кең көлемде ауқым алып жетілдірілген көмектер көрсетіле бастады. 1980 жылдан бастап регионарды жансыздандыруларды енгізу кең көлемде етек ала бастады, 1990-2000 жылдары регионарды жансыздандыру саны 100-120 аралығында болса, 2011 жылы 900-ге дейін жетті. 1991-2000 жылдары аралығында жансыздандыру саны 1300-1500 болса, 2014 жылы жансыздану саны 5500 – ге жетті. 2011 жылы жаңадан Облыстық Медицина Орталығының ашылуына байланысты Жапония мемлекетінің гранты арқылы көптеген наркоз аппараттары (AESTIVE-5 6 дана, FAVIUS 1 дана, AESPIRE 7900 1дана) және өкпеге дем беру аппараттары Рафаел 6 дана алынды. 2010 жылы бөлімшеге орталықтың әкімшілігінің көмегімен өкпеге дем беру аппараттары (Савина-300, Карина) алынып ауыр науқастарға квалификациялық көмек көрсетуде мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. 2009 жылдан бастап жансыздандыру саласында ингаляциялық анестетик Севофлуранның қолдануымен жансыздандыру санын 1200-ге дейін жеткіздік. Регионарды жансыздандыру саласында жаңадан қолданысқа еңген (Наропин, Бупавакаин) анестетиктардың қолдануы 1300-ге жетті. Орталықтың директоры Н.Б.Табынбаев мырзаның реанимация саласының жұмысын нығайтуға байланысты және кардиохирургиялық орталықтың ашылуына байланысты реанимация бөлімшесін 3 салаға бөлді. Реанимация №1 (жансыздандыру және реанимация бөлімшесі), Реанимация№2 (нейро - инсульті бөлімшесі), Кардиоренимация. Реанимация №1 15 дәрігер жұмыс істейді. Олардың 5-і жоғарғы санаттағы дәрігерлер, І-санатты дәрігер-4, ІІ-санатты дәрігерлер-3.

Реанимация бөлімшелерінде жылына 2800-3000 аралығында ауыр науқастарға реанимациялық көмек көрсетіледі. Ауруханаға түскен науқастардың 12% реанимация бөлімшелерінде қарқынды ем алады. Ота жасау залдарында наркоз аппараттарының саны 12,Frimus infiniti -3. Favius Plus – 3. Aestiva – 5. Leon – 1 Бөлімше кардиомониторлармен, электросорғыштармен, дефибриляторлармен,және де басқа медициналық құрал-жабдықтармен толық камтылған. Бөлімшедегі дәрігерлер анестезиология және реаниматология саласында жыл сайын білімін және өндірістік шараларын жетілдіру мақсатында Халықаралық семинар, симпозиумдарға қатысып көптеген жаңалықтар еңгізді (тромболизистік ем жедел бас ми қан айналысың бұзылыстарында; детоксикациялық ем- гемосорбция, гемодиализ, плазмаферез; ауыр бас ми жарақаттарында дегидратациялық терапияға натрий хлор 7,2% ерітіндісін қолдану, нерв талшықтарына тосқауыл жасауда Нейростимулятор аппаратын қолдану). Республикалық медицина ғылыми журналдарында дәрігерлердің 20 мақаласы беріліп, бөлімшедегі жетістіктер жарияланды.