№2 ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМШЕСІ

Съезд Оралұлы Касымов

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты невропатолог

Көп бейінді облыстық аурухананың 26.03.2020 жылы шыққан №329 бұйрық бойынша сәуір айының 1-ші жұлдызынан бастап төсек қорын ұқыпты пайдалану және реабилитациялық науқастарға стационарлы көмекті кеңейту мақсатында №2 қалпына келтіру бөлімшесі 30-төсек-орынға ашылып, жұмысын жасауда. Бөлімде инсульттан кейінгі жартылай салы бар науқастарға, травматологиялық жамбас-сан сүйектерінің, тізе буындарының эндопротездеу отасынан кейінгі жағдайда, нейрохирургиялық бас миы және омыртқа бағанасы, жұлын ауруларының отадан кейінгі жағдайдағы науқастарға көрсеткіштері бойынша түрлі физиотерапиялық емдер көрсетілуде. Айта кететін болсақ омыртқа бағанасының компрессионды рукавты пайдалану, бас ми қан тамырлар ауруларына мексидолмен электрофорез әдісін пайдалану, парафин, имитатор ходьбы, вертикализатор, марутака, артромот, магнитотерия аппараттары қолданылуда. Сонымен қатар омыртқа жотасының ауруларына сумен емдеудің бірнеше түрімен ем жүргізілуде. Бөлімшеде физиотерапиялық емнен бөлек, қосымша кинезотерпиялық, логопед, психолог мамандарымен арнайы кабинеттер ашылып, көрсеткіш бойынша науқастармен жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің телефондар:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-94

Ішкі номерлер: 357, 213, 365, 354