​ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ

Әбілғазиев Айдарәлі Қайназарұлы

Бөлім меңгерушісінің м.а.

Қабылдау бөлімшесі - науқастарды тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін,келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізетін және квалифицирленген (шұғыл) медициналық көмек көрсететін, маңызды кеңес беру-емдік-диагностикалық бөлімше болып табылады.

Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:

Науқастарды қабылдау және тіркеу;

Науқастарды дәрігерлік қарау;

Шұғыл медициналық көмек көрсету;

Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау;

Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу;

Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау;

Науқастарды тасымалдау;

Қабылдау бөлімінде келесі бөлмелер орналасқан:

•күту залы;

•бір немесе бірнеше қарау кабинеттері, тіркеу бөлмесі (кезекші мейірбикенің кабинеті);

•жоспарлы терапиялық және хирургиялық науқастарды қабылдау бөлмесі;

•емшара бөлмесі–шұғыл процедуралар жүргізіледі: асқазанды шаю, тазартқыш клизмасы және т.б.;

•оқшаулау бөлмесі (изолятор);

•санөткізуші (ванна-душ кабинеті);

•зертхана;

•рентген-бөлмесі;

•УДЗ бөлмесі;

•ЭКГ бөлмесі;

•орап-таңу-операциялық бөлме – ұсақ амбулаторлы оталарды жүргізуге арналған;

•Ауруы белгісіз науқастарды динамикалық бақылауға уақытша жатқызатын диагностикалық палаталар бар.

Қабылдау бөлімшесіне науқастар төмендегідей әдістермен келіп түседі:

Жедел жәрдем көмегімен: әртүрлі апатты жағдайлар, жарақаттар, әртүрлі уланулар, жедел аурумен созылмалы аурулардың өршуі кезінде жеткізіледі;

Амбулаторлы жағдайда ем нәтиже бермесе аймақтық дәрігердің жедел жолдамасымен келіп түседі;

Басқа емдік-профилактикалық мекемеден ауысып келуі (әкімшілікпен келісіліп);

Аудандардан, елді мекендерден ауыр жағдайдағы науқастар санавиация арқылы тасымалданады.

«Өздігінен» - өзін-өзі сезінуі нашарлаған жағдайда өздігінен келіп қаралады.

Жоспарлы түрде, яғни Біртұтас ұлттық денсаулық жүйесінің шеңберінде «Госпитализация бюросының» Портал арқылы іске асырылады.

Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қабылдау бөліміне жағдайы ауыр науқастарға қажетті мамандар әр кабинетке арнайы қондырылған «SOS» жүйесі арқылы тез әрі жылдам шақыртылады.

Біздің байланыс телефондарымыз:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

ішкі нөмірлер 122, 316, 307, 281