​ОТА ЖАСАУ БӨЛІМШЕСІ

Исаева Алия Варленовна

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Хирургиялық стационардың жұмысын жедел емдеусіз елестету мүмкін емес, ал бұл дегеніңіз көптеген адамдардың ауыр жұмысы.

Хирургтармен бірлесіп тәуліктің кез келген уақытында күн-түн демей ота жасау бөлімінің медбикелері мен тазалықшылары қызмет жасайды. Олардың жұмыстары емделушілер үшін білінбейді, алайда олардың епті және еңбексүйгіш қолдарысыз бірде бір ота жасау мүмкін емес. Медицина үнемі алға жылжып келеді, хирургиялық технологиялар ауысып отырады, сондықтан да ота жасау бөлімінің қызметкерлеріне жаңа әдістер мен мағлұматтарды меңгеру қажет.

Бөлім 2001 жылдың қарашасында дербес құрылымдық ота жасау бөлімшесі ретінде ашылды. Сол уақытқа дейін ота жасау блогы хирургиялық бөлімнің құрамында болып келді.

Бөлім жалпы ауданы 2180 м² екі 5-ші қабатта орналасқан. Бөлім 2 блоктан тұрады - асептикалық, яғни 6 ота жасауға және септикалық - 3 ота жасауға арналған блоктардан. Сонымен бірге, офтальмологиялық ота жасауға және қиын жағдайдағы науқастарға кезектен тыс көмек көрсетуге арналған қабылдау бөлімі сияқты жаңа ота жасау бөлімдері ашылған. Ота жасау бөлімдері орталықтандырылған медициналық газ беруге арналған «Дреггер» жүйесімен қамтамасыз етілген, желдеткіштің сору-шығару жүйесі және бірқалыпты температура мен ылғалдылықты ұстап тұруға арналған «Микроклимат» жүйесі іске қосылған.

Бөлім материалды-техникалық жағынан жақсы қамтамасыз етілген, және қазіргі заманғы медицинаның соңғы талаптарына сәйкес жыл сайын жаңа жабдықтар алынып, игерілуде. Қазіргі уақытта аз инвазинді хирургиялық араласуға арналған 6 аппарат, электрокаогуляторлар, 10 вакуум – аспираторлар, көп мөлшерде наркозды-дем алу аппараттары, оның ішінде соңғы заманғы, және әртүрлі хирургиялық және басқа да аспаптар бар. Құрал-саймандарды залалсыздандыруға арналған «Sterrad» плазменді залалсыздандыру аппараты алынған, ол шыны, пластик және сәуле талшықты оптикалы бұйымдарды өңдеуге мүмкіндік береді. Тек соңғы жылы ота жасау бөлімімен жалпы мақсаттағы 2 ота жасау үстелі, офтальмологиялық ота жасау үстелі, 4 көлеңке бермейтін шам, көз микроскопы, «Gimmi» эндобейне кешені, 2 электрсорғыш, нефроскоп, цистофиброскоп, 4 негатоскоп алынды. Жұмысқа «Cell Saver 5+» аппаратын қолдану арқылы ішкі ота жасаумен қанды реинфузиялау енгізілді, ол емделушінің өз қанын қайтаруға және сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бөлімше дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы аспаптармен жақсы қамтамасыз етілгендігін, олардың басым көп бөлігі бір рет пайдаланатын екендігін айта кету қажет.

Қазіргі уақытта бөлімде жылына әртүрлі сырқатпен келген науқастарға 7 мыңнан астам жедел хирургиялық оталар жүргізілді.

Хирургтармен, жасалатын отаның бейне жазбасын жасауға мүмкіндік беретін сенсорлы экраны бар лапараскоптың жаңа үлгісі, геморриалды түйінді қосындылау көмегімен проктологиялық жедел араласу жүргізудің жаңа әдісі игерілген, «SORING» аргонды электрокоагулятор, «Ultra sycion» ультра дыбысты хирургиялық скальпель алынып, жұмысқа енгізілген.

Нейрохирургиялық бөлімде бел омыртқаға жедел араласу кезінде барынша қауіпсіз ота жасауға мүмкіндік беретін және науқастың ерте сауығуын қамтамасыз ететін (ота жасалғаннан кейін 20 тәулікте жандана бастайды). Бел омыртқа дискісіндегі жарыққа арналған микродискэктомия и эндовидеодискэктомия енгізілген. 2009 жылы нейрохирургиялық ота жасауға арналған «Карл Цейс» жүйесі ота жасау микроскопы алынды – дүниежүзіндегі ең жақсы оптика. 2011 жылы бел омыртқаны транспедикулярлы бекітуге арналған «CDHORIZON» жүйесі алынып, іске қосылған.

Травматология бөлімінде эндобейнетехниканы қолданыс арқылы артроскопия енгізілген. 2011 жылдан бастап травматолог дәрігерлермен қабырға және иық сүйектерінің сынығы кезінде электронды-оптикалық өңдегішті қолдана отырып, бұғаттайтын остеосинтез жүргізіледі. 2012 жылдан бастап жамбас буынын протездеу кеңінен қолданылады.

Офтальмологтармен бірлесіп жасанды көзбұршақты имплантациялау бойынша ота жасау меңгерілді, катарактаны алып тастауда барынша жараламауға мүмкіндік беретін «ALCON INFINITI» факоэмульсификаторы алынды және меңгерілді.

Урология бөлімінде «SIEMENS» резектоскопын алу арқылы трансуретральды аденомэктомия (ТУР) енгізілген, тек қана бүйрекке, несептамырға және қуық қалбыршасына ғана емес, сонымен қатар хирургиялық және гинекологиялық тәжірибелі жоғары мамандандырылған жедел араласу жүргізуге мүмкіндік беретін «Auriga» медициналық лазерін алу арқылы жедел араласу ауқымы айтарлықтай кеңейтілген. Қуық қалбыршасының ауыр жағдайында жедел араласуды жүргізу кезінде «Jynecare TVT» бауын қолдану енгізілген.

Кардиологиялық орталық ашылысымен бөлім қызметкерлері жоғары мамандандырылған көмекті меңгере бастады. Кардиохирургиялық ота жасау үшін 1-ші ота жасау бөлімі толықтай құрал саймандармен және аппараттар жиынтығымен: жарық бергіштер, наркозды-дем алу аппаратурасымен, жабдықталған. «SECHRIST –STOCKERT» жасанды қан айналымы аппараты (ЖҚА), байқау аппаратурасы, бір реттік шығындау материалдарымен жабдықталған. Ота жасау бөлімінің медбикесі Ж.Жапахова Литвада оқып келіп. 3 жыл ішінде ашық жүрекке 430-дан астам оталарға қатысты.

Жедел емдеуді қамтамасыз ету үшін перинатальды орталығында жаңа туғандарға арналған «Алтон» реанимациялық үстелі алынған. Гистероскоп аппаратын алғаннан кейін хирургиялық гинекологиялық сырқаттарды тексеру және емдеу жағдайы жақсарды.

Соңғы 20 жыл ішінде ота жасау бөліміне енгізілген және меңгерілген барлық жаңалықтарды тізіп айту қиынға соғады. Ұжым жаңарып келеді, жедел емдеудің жаңа түрлері, жаңа аппаратуралар енгізілуде және жаңадан бөлімдер ашылуда, залалсыздандыру және өңдеу әдістері өзгеруде және ота жасау бөлімінің қызметкерлері хирургтармен бірлесіп хирургиядағы жаңа технологияларды меңгеруде.

Хирургия қызметі қанша жыл бар болса, ота жасау қызметі де соншы жыл болуда. Және, егер де хирургиялық бөлімінің медбикесін дайындау – ұзақ және жауапты процесс болса, онда ота жасау бөлімінің медбикесін дайындау – бұл ауыр еңбектің, білім алудың көптеген жылдары, сонымен бірге жауапкершілікті тәрбиелеу, мамандығына берілгендік, кең білімділік, тіпті физикалық төзімділік. Сондықтан болар, ота жасау бөліміне бір рет келген қызметкерлер көптеген жылдар бойы өз мамандығына берілген күйінде қала береді. Ота жасау бөлімінің медбикелері Гнусова В.И., Ге Е.Х., Старкова Л.Т., Баязитова Ф., Ермольчева А.Ф., Букаткина М.И., Романовская К.В., Ягунина Л.В., Лесникова О.И., Дарменова Б.М., Мустафаева К. мұнда 40 жылдай қызмет жасаған.Тазалықшылар Кудашова А.М., Хамидуллина Н., Гинкель Е., Смаилова А., Каимова Б. 20 жылдан астам уақыт қызмет жасаған. Қазіргі кезде бөлімшеде 23 ота жасау бөлімінің медбикелері және 18 санитарлар жұмыс жасауда, олардың ішінде 8 медбике және 3 тазалықшы штаттың кеңейтілуіне байланысты осы жылы қабылданған. 8 ота жасау медбике - жоғары, 3-уі бірінші, 1-уі екінші біліктілікті санаттағылар.

Бөлімшеде жоғарғы біліктілікті санаттағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Исаева Алия Варленовна басшылық жасайды, ал трансфузиолог мамандығын қоса атқарады. Ол, 1990 жылдан бастап Алматы мемлекеттік медициналық институтын аяқтағаннан кейін көп бейінді облыстық ауруханасында қызмет жасайды.

Бізбен байланысу:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

ішкі нөмірлер 124, 115, 166