ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ ЗЕРТХАНА

Едрешева Күляим Ескендірқызы

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ ЗЕРТХАНА – диагностикалық қызметтер арасында маңызды орынды алады және тиімді емдеудің өткізілгендігін анықтау, клиникалық шешімнің дұрыс уақытылы қабылдануын, аурудың алдын алу және диагностикалау үшін қажетті диагностикалық ақпараттар көлемінің 80% жуығын жеткізеді. «Тікішек обыры және обыр алды ауруларын анықтаудың алдын алу», асқазан және өңеш обырын анықтау. Жасы скринингтік тексеріс тобына жататын барлық ем алушыларға биопсиялық препараттың микроскопия әдісімен хеликобактерияларын анықтайды.

Зертхана жоғары технологиялық автоматтық жүйемен жабдықталған. Зертханалық қызметтер заманауи деңгейде кең спектрда жүзеге асырылады:

• Гематологиялық (17 көрсеткіштерден аса);

• Биохимиялық( 20 көрсеткіштерден аса);

• Жалпыклиникалық;

• Коагулологиялық;

• Цитологиялық;

• Иммунологиялық;

• Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларды зерттеу ;

• В және С гепатиттерін зерттеу.

Клиникалық-диагностикалық зертханада талдаулардың келесі түрлері жасалады:

- жоғары сезімтал тропонинді, миокард инфарктысын диагностика жасау үшін МВ-КК массасын, Д-димерді, нарийуретикалық пептидті, жоғарысезімтал

- С-РБ анықтау, антифосфолипидті синдромды диагностикалау.

- кардиохирургиялық оталар жасау үстінде қанның құрамындағы газдардың, оксиметрия, электролиттер, глюкоза мен лактаттың метаболиттерін зерттеу.

- антиагреганттар мен антикоагулянттар қабылдаған миокард инфарктысы бар, кардиохирургиялық оталардан кейінгі науқастардың гемостаз көрсеткіштерін анықтау.

- атеросклероздың негізгі метаболикалық қауіп факторларын анықтау үшін және гиполипидемиялық емді бақылау мақсатында липидтік спектр көрсеткіштерін анықтау.

Зертхана жұмысының басты аспектілері:

• заманауи инновациялық жабдықтармен жабдықтау, ол нәтижелер дұрыстығының жоғары дәрежесін кепілдейді;

• орындалатын зерттеулердің кең спектрі;

• қан аларда қауіпсіз жүйелер қолдану;

• мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі;

• нәтижелердің интерпретациясын жеңілдету үшін ыңғайлы хабарландыратын бланктер;

• өткізілген зерттеулердің сапасын бақылау;

• қатаң құпиялылық;

КДЛ кабинеттері 4- қабатта орналасқан. Қан жинау сағат 08:00-ден 09:30 аралығында. Биохимиялық анализдер: (бауырлық сынама, гепатит, АҚТҚ, RW, қан тобы, жалпы қан талдауы) №15 кабинетте тапсырылады. № 3 кабинетте жалпы қан талдауы биохимиялық анализсіз тапсырылады. Зертхана үзіліссіз жұмыс жасайды.

Байланыс телефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі телефон номері 312, 362, 193, 169