​ТРАВМАТОЛОГТАР БІЛІМІН АРТТЫРДЫ

19.05.2023ж. облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту мақсатында» семинар өтті. Оған облыстық, қалалық ауруханалар мен емханалардың травматолог мамандары қатысты. Семинарда Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінің аға дәрігері А.П.Кузнецовтың қатысуымен «Полижарақат» тақырыбында лекция оқылды. Семинар соңында медицина ұйымдарының мамандары сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.