​ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Даутбаев Берик Русланович

Кардиологиялық орталықтың жетекшісі

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Кардиохирургия – бұл, жүрек және аортаның туа біткен ақаулары немесе жүре пайда болған ауруларды емдеумен айналысатын хирургия саласы. Барлығына белгілі, жүрек - адам ағзасындағы ең бағалы мүше, сондықтан бүгінгі таңда кардиохирургияда жаңа әдістер мен технологияны құруға көп көңіл бөлінуде. Жоғары квалификация, жаңа технология мен ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып жүрек-қан тамыр жүйесінде ең күрделі ауруларды емдеуде керемет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүрек жұмысының бұзылысында кеңінен тараған - жүректің ишемиялық ауруы. Жүректің ишемиялық ауруы- бұл жүрек бұлшық етінің метаболизміне қажетті және коронарлы қан арнасының дисбалансында түзілетін, миокардта қан айналым бұзылысы. Басқаша айтқанда жүрек бұлшық етіне қажеттілігіне қарағанда, аз мөлшерде оттегінің түсуі. Сырқат жүректің толық қанмен қамтамасыз етілуіне кедергі туғызатын, жүректін коронарлы артериясының тарылуынан дамиды. Жүректің ишемиялық ауруы өзің жедел түрде миокард инфарктісі кезінде, сол сияқты созылмалы түрі- стенокардияның кезеңді түрдегі ұстамасы ретінде көрсете алады. Дүние жүзінде жүректің ең нәтижелі емдеу әдісінің бірі аортокоронарлы шунттау болып табылады. Мұндай оперативты ем қан тамыр тарылған жерде миокард қан айналымын қалпына келтіру үшін қажет. Мұндай оперативте ем толық клиникалық тексеру, функциональды жүктемелі тесттерді өткізу мен аортокоронароангиографиядан кейін жүргізіледі. Соңғысы жүректін ишемиялық ауруын диагностикалау мақсатында қолданатын рәсімін білдіреді. Бұл үшін рентген- операционды сан артериясына шағын тілік арқылы арнайы зонд енгізіп, коронарлы артерияға онда тарылу немесе бітелуді анықтау мақсатында контрастты зат енгізу арқылы анықталады. Шунттау отасы ашық жүрекке жасалатын жасанды қанайналым аппаратын қолданумен жүргізіледі. Коронарлы шунттауға әртүрлі шунт түрлері қолданылады: венозды және артериальды. Венозды шунт науқастын төменгі аяғынан алынған тамыр болып табылады. Артериальды шунт науқастын өз артериясы болып табылады, не білектен (радиальды артерия) алынатын, не ішкі кеуде артериясы қолданылады. Соңғы қолданатын ота маммарокоронарлы шунттау деп аталады. Сонымен қатар улкен санды оталар жүректің клапанды аппаратында кеңінен қолданады. Клапан жұмысының бұзылысын тудыратын әртүрлі себептер болуы мумкін: туа бітен ақаулар, жуйелі аутоиммунды, инфекционды аурулар, клапан кальцификациясы немесе травматикалық зақымдалуы. Мұның барлығы клапан пішінінің өзгерісіне және өз қызметін қалыпты орындауға мүмкіндік бермейді. Сырқатқа байланысты 2 түрлі операция жасалады: клапан пластикасы немесе оны протездеу. Табиғи клапан жасандыға қарағанда әлдеқайда жақсы, сондықтан әрқашан мүмкіндікке байланысты табиғи клапанды сақтап, қалпына келтіру мақсатында оның пластикасы орындалуы, бұл жақсы нәтиже береді. Алайда клапанды пластикалық коррекциялау ірі қайтымсыз өзгерістер болмаған жағдайда жасауға болады. Кей жағдайда, клапан айқын зақымдалған кезде және пластикаға жатпайтын болғанда, протездеу жасалу қажет. Қазіргі таңдағы операционды және хирург мамандарының жоғары дайындығы, жүрек клапанының протездеу операциясы кардиохирургиялық клиникалар үшін қалыпты болған. Клапанды протездеу тек ересек адамдарға ғана емес, сонымен қатар балаларғада жасалады. Протездеуге жасанды клапанның 2 түрін қолданады: механикалық және биологиялық. Әрқайсысының өз оң жағы мен теріс жағы болады. Қазіргі заманғы механикалық клапандардын артықшылығы уақыт өте келе бұзылмайды және ауыстыруды қажет етпейді, биологиялық клапанның өзгешелігіне қарағанда, олар биодегенерацияға ұшырайды және 10-15жылдан соң ауыстыруды қажет етеді. Тромбоз және тромбоэмболияның қаупінің болмауы немесе төмен болуы- механикалық клапанға қарағанда биологиялық клапанның өзгешелігі, науқасқа антикоагулянтты өмір бойы қабылдап, тромбоэмболияның асқынуының жоғарғы қаупіне байланысты қан ұю жүйесінің көрсеткішін ай сайын бақылауы қажет. Балаларда жүректің туа біткен ақауы болған жағдайда әртүрлі күрделігі бойынша ота жасалады. Хирург мамандарының жоғары кәсіпқойлығы мен зергерлік жұмысының арқасында алақандай жүректе, кішкентай балаларымыз толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болып, мектепте сәтті оқып, спортпен айналысады.

Көп бейінді облыстық ауруханасының жүрек- қан тамыр хирургия бөлімшесі 12.10.2009ж бері жұмыс атқарады, кардиоорталықтын негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады. ҚР Заңы 07.07.2006ж «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», ҚР Үкіметінің 13.02.2007 ж. №102 2007-2009ж кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасын бекіту туралы» іске асыру мақсатында ашылды. 2009-2010 жылдары кардиохирургиялық операциялар еліміздің, шет елдерден жетекші кардиохирургтарымен тек шебер-сынып шеңберінде ғана жүргізілетін. 2011ж бастап, жақын және алыс шетелдердің клиникаларында алдын ала мамандарды оқытудан кейін, операциялар өз күшімізбен орындалды. Негізгі міндет әкімшілік аумағында кардиохирургия бөлімдері бойынша жоспарлы және жедел көмек көрсете халықтың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады, сонымен қатар осы бөлім бойынша консультациялық көмек көрсету және Қызылорда облысының басқа да ЕПМ-не ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету. Бөлімше жүректің туа біткен ақаулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар науқастарға жоспарлы және жедел көмек көрсетуге маманданған.

Негізгі бөлімше қызметінің бағыттары:

1.Туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға жоғары мамандандырылған жоспарлы кардиохирургиялық көмек көрсету (Аристотель шкаласы бойынша күрделілік деңгейі 2)

2.Жүректің ишемиялық ауруы мен жүректің туа біткен ақауына жоғары мамандандырылған жоспарлы және жедел кардиохирургиялық көмек көрсету.

3.Ырғақ бұзылысы бар науқастарға жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсету (ЭКС, ИКД, CRT-D имплантациясы).

4.Жаңа туылған нәрестелерге, шала туылған ауыр журек ақауы бар нәрестелерге диагностика жұмысын ұйымдастыру және білікті медициналық көмек көрсету.

5.ОАП, ДМПП, ДМЖП кезінде эндоваскулярлық технологиялар бойынша операцияларды орындау.

6.Қан тамыр патологиясы бар науқастарға жоғары мамандандырылған жоспарлы және жедел кардиохирургиялық көмек көрсету.

Бөлімше 20 төсек-орынға арналған, 15 кардиохирургиялық және 5-қан тамырлары төсек орны. Бөлімшенің техникалық жабдықтауы, операциялық зал, кардиореанимация бөлімі (операциядан кейін науқастар сонда түседі) эталоны болып табылады және соңғы медициналық техника бойынша жинақталған. Жыл сайын жаңартылуда. Барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықталған (өңеш арқылы жүретін датчикті ЭхоКГ, ЭКГ, холтерлік монитерлеу аппараты, төсек алды кардиомониторлар, аортаішілік баллонды контрпульсатор, Сell-Saver аппараты, перфузорлар, вакуум-отсостар, дефибриллятор, ойық жараға қарсы жүйе, биохимиялық анализатор, КЩС аппараты және т.б.).

Кардиоорталық мамандары Казақстан, Ресей, Литва мемлекетінің кардиохирургиялық орталығының, ғылыми орталықтын әріптестерімен яғни, кеңес беру, тәжірибелік көмек көрсетуге байланысты тығыз достық қарым-қатынасқа ұласты. Жүрек қан тамыр патологиясы бар науқастарға хирургиялық емдеу мақсатында инновационды әдістерді енгізу және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Кардиоорталықтын ашылу кезеңінен бері Қазақстанның, жақын және шетелдерден (Вьетнам, Литва, Россия) ғылыми орталығынан шақырылған мамандармен бірге 13 мастер- класс өткізілді. ЖҚА-ның (Жүрек қан тамыр ауруы) әртүрлі патологиясымен 50-ден аса науқасқа оперативты ем, ал 400 науқасқа кеңес берілді.

Бөлімшеде күрделі жоғары технологиялық операциялар сәтті жүргізілуде. 5 жыл көлемінде бөлімшесінің жұмыс істеуі кезінде ашық жүрекке 700-ден астам операция жасалды. Қазіргі таңда бөлім мамандарымен келесі оталар жасалады:

♦ ЖИА кезіндегі ота – аортокоронарлы шунттау.

♦ Жедел коронарлы синдром (ЖКС) кезіндегі аортокоронарлы шунттау.

♦ Жүрек клапандарының әртүрлі зақымдану кезінде (ревматизм, инфекционды эндокардит және т.б.) орындалатын операциялар мынадай:бір клапанды және 2-клапанды протездеу, 2-клапанды протездеу трикуспидальды клапанның пластикасымен бірге.

♦ Балаларға жүректің туа біткен ақауларында (жүрекше аралық ақау, қарыншааралық ақау, ашық артериальды түтік (ОАП), тетрада Фалло)

♦ Бір уақытта аортокоронарлы шунттау жүрек клапан аппаратын протездеумен.

♦ Жүректегі тромб және ісіктерге ота жасау

♦ Жүрек ритмі және өткізгіштігінің бұзылысында жасалатын хирургиялық емдер

♦ Іш қуысы аортасына, магистральды артерияларға реконструктивты оталар

Практикаға енгізу жоспарлануда:

♦ өрлемелі және қолқа доғасын протездеу отасы

♦ жүректін клапанды аппаратына пластикалық оталар

♦ жүректі тоқтатпай «Off- Pump» әдісі бойынша аортокоронарлы шунттау отасын жасау.

♦ сол жақ қарыншаның аневризмасы кезінде сол жақ қарыншаны пластикалау

♦ кеуде аортасында, брахиоцефальдық артерияларына реконструктивті оталар

Команда білікті медициналық қызметкерлермен, науқастарды толыққанды өмірге қайтару үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Біздің телефондар:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

ішкі нөмірлер 174, 111, 224