​Физиотерапия және сумен емдеу бөлімі

Валишаева Саулет Кабибуллаевна

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Заманауи технологиялармен жабдықталған және әртүрлі ішкі мүшелер ауруларымен, ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейін, жүрекке және тамырларға оталарынан – аорто-коронарлық шунттау, тамырларға стент қойылғаннан кейін, буындарды протездеуден кейін физиотерапиялық ем-шараларды науқастардың емінде және оңалту мақсатында ұсынады.

Бөлімде 30 түрлі физикалық ем әдістері қолданылады. Ол электр тоғымен емдеу, ультадыбыстық ем, жарықпен емдеу, лазеротерапия, озокерит- және парафин емі т.б.

Массаж кабинетінде классикалық қол массажы, аяқ-қолдардың лимфодренажды массажы «Лимфотрон» компрессия жүйесімен, қол ұштарына және табандарға «Mарутака» аппаратында нүктелі массаж жүргізіледі.

Бөлім құрамына сумен және балшықпен емдеу бөлімшелері кіреді. Омыртқааралық дискілердің протрузия және жарығының (грыжа) емінде су асты массажын, омыртқаны су асты тарту, бассейн ұсынамыз. Қандай да болмасын ауруларда байқалатын ұйқы бұзылыстарында, көңіл-күйдің төмендеуінде емдік йодо-бромды, оттегі, маржан былауларын, су себізгілерін қолданамыз.

Жанақорғаннан әкелінген балшық темір сульфидтеріне, суға ерігіш тұздарға бай, сондықтан тірек-қимыл аппаратының, жыныс жүйесінің созылмалы қабыну ауруларында, бедеулікте қолданылады.

Тұзды шахталардың микроклиматына жақын спелеотерапия сенстарын өткізетін тұзды бөлме тыныс алу жүйесі ауруларында – бронхиттерде, бронхиалдық астмада, әртүрлі аллергиялық жағдайларда, лор-мүшелерінің ауруларында иммунитетті көтеріп, сауықтырады, қандай да болмасын патологияның кешеңді емінде қолданылады. Емдік денешынықтыру залы гимнастикалық құралдармен, аяқ-қолға жасалған оталардан кейін қимылын қалпына келтіру үшін механотерапиялық «Артромот» апппраттарымен жабдықталған. Ем ақылы түрде ақылы бөлімдерде емделушілерге және амбулаторлық пациенттерге көрсетіледі. Бөлімде жоғарғы саннаттағы дәрігерлер кеңес береді. Емшараларды жоғарғы және бірінші саннаттағы орта буын медицина қызметкерлері жүргізеді. Емнің түрлерінің бағасы қол жетімді бағада

Тегін физиотерапиялық ем қалпына келтіру және оңалту бөлімдерінде жатқан науқастарға, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, І топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға, Семей ядролық полигонында болғандарға, Чернобыль АЭС авариясына қатысқандарға, тыл және медицина ардагерлеріне көрсетіледі.

Физиотерапиялық ем ақылы түрде ақылы бөлімдерінде ем алатын науқастарға және амбулаторлық пациенттерге көрсетіледі.

Амплипульстерапия – науқасқа ауыспалы синусоидальды модульденген күші кіші токтармен әсер ететін емдеу әдісі.

Магнитотерапия –емдік мақсатта магниттік жазықтарды қолдану.

Электрофорез – ағзаға тұрақты токпен және сонымен енгізілетін дәрілік заттарымен әсер ететін әдіс.

Электросонтерапия –бас миына тікелей және рефлекторлы әсер ететін нейротропты терапия әдісі.

Сумен емдеу

Су асты массажы – емдік мақсатпен түрі және күші әртүрлі судың ағысымен шланг арқылы су астында пациент денесінің массажын жүргізу.

Әсерлері және көрсетпелері:

• Жылы су денені жылытып, су ағысының физикалық әсеріне дайындайды;

• Теріде, тері асты май қабатында, бұлшықет және буын тіңдерінде қан- және лимфаайналымы жақсарып, зат алмасу және трофикалық үрдістер

жоғарылайды;

• Бұл тіндерде қабыну ошақтарының тез таралуына ықпал етеді;

• Тірек-қимыл аппаратының ауруларынан және жарақаттарынан, перифериялық жүйке жүйесінің вертеброгенді патологиясынан кейін қолданылады;

• Бехтерев ауруында, үдемелі бұлшықеттік дистрофияларда, жазылуы қиын жараларда, май алмасуының бұзылыстарында, патологиялық климакста қолданылады.

• Омыртқаны су асты тарту – пациент омытқасың жалпы ванна ішінде механикалық тартып, созу.

Байланыс телефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі номірлер 106