​БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жылдың қорытынды салтанатты іс-шарасында бірқатар өз саласының үздік қызметкерлерін марапаттады. Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен медицинаның нығаюына қосқан үлестері үшін көпбейінді облыстық аурухананың бір топ қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Қызылорда облысының «Құрметті Азаматы» - Шуленбаев Абдулла Сыздыкович. «Құрмет» орденімен - Шынжырбай Оразмаханұлы – нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Облыс әкімінің «Алғысы»- Нурсултанова Лиза Наримановна – нефрология бөлімшесінің меңгерушісі марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!