Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы

Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы көпбейінді облыстық аурухананың директоры.

Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы 1985 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.

2002-2008 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы медицина» мамандығы.

2008-2009 жж С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, хирургия мамандығы бойынша интернатура.

2008-2010 жж. – Т.Рысқұлова атындағыҚазақ экономикалық университеті «Экономика және бизнес бакалавры».

2009-2012 жж. – «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – хирургия мамандығы бойынша резидентура.

2012-2016 жж. –Нагасаки университеті, Жапония: Department of Surgery II, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Nagasaki, Japan.: PhD докторантура.

2022-2023 – Семей медицина университеті, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, мамандығы «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Мансап

2009-2012 жж.- «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – бауыр, өт жолдары және ұйқы безі хирургиясы бөлімінің дәрігер-ординаторы.

2012-2016 жж. - Department of Surgery II, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Nagasaki, Japan – №2 хирургия бөлімшесініңдәрігер-ординаторы.

2016-2020 жж.- «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, гепатобилиар хирург-трансплантологы.

2020-2022 жж. - «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – №1 көпсалалы бөлімше меңгерушісі.

2022-2023 жж.- Алматы қаласы, ШЖҚ МКК «Орталық қалалық клиникалық ауруханасының» – хирургия жөніндегі директордың орынбасары.

02.10.2023 ж.-қазіргі уақытта көпбейінді облыстық аурухананың директоры

ДокторPhD, жоғарысанатты дәрігер-хирург, трансплантолог,денсаулық сақтау магистрі (2023), ассоциированный профессор (2021).