​БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА

Алшериева Құралай Құрманалиевна

Бөлім меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Микробиологиялық зертхана жеке бөлімше болып 2007 жылдан жұмыс атқарып келеді. Бұған дейін клиникалық диагностикалық зертхана құрамында жұмыс жүргізді. Хирургиялық аурулармен негізгі ауру тарихында іріңді - септикалық асқынулар жиі кездесетін және ауру тарихын жазылуын созатын асқынулар қатарына жатады. Бұған себепші жұқпалы аурулар микроорганимдері болып табылады. Жұқпалы ауру микроорганизмдерін зерттейтін сала-Бактериологиялық зертхана. Бактериологиялық зертхана аурудың асқынуын тудыратын ауру қоздырғыштарының түрін анықтап, антибиотиктерге сезімталдығын нақтылайды.

Бактериологиялық зертханасы 2 бөлімшеден тұрады:

1.Клиникалық-микробиологиялық зерттеулер бөлімі

2.Санитарлық-бактериологиялық зерттеулер бөлімі

Бактериологиялық зертхана төмендегідей қызмет көрсетеді:

- науқас диагнозын анықтауға көмектесу, науқастардан алынған биоматериалдардан ауру қоздырғыштар-микроорганизмдерін анықтап,антибиотиктерге сезімталдығын анықтау,

- науқастар арасында сальмонеллез және дизентерия ауруларына бактерия тасымалдаушыларды анықтау, іш сүзегін анықтау:

- аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары бойынша

- санитарлық- бактериологиялық зерттеулер жүргізу.

Микробиологиялық зертханада жүргізілетін зерттеу түрлері

І.Ішек инфекциясының тобына

1.Нәжісті салмонеллезге шигеллаға зерттеу

2.Гемокультура зерттеу

3.Дизбактериозға зерттеу

ІІ.Клинико-микробиологиялық зерттеулер

1.Қан тазалығына зерттеу

2.Патогенді микрофлораға зерттеу:

- Жұлын сұйықтығы

- Өтсұйығы

- Несеп

- Жоғарғы тыныс жолдары (тамақ, мұрын қуысы, қақырық)

- Жарақат

- Көзден

- Құлақтан

- Әйелдер мен еркектер жыныс жолдары

- Кеуде сүті

- Антибиотикке сезімталдығын анықтау

ІІІ.Санитарлы-бактериологиялық зерттеу

1.Тазалық зерттеу

2.Патогенді стафилококк тасымалдауына зерттеу

3.Жабық бөлменің ауасын зерттеу

4.Сыртқы ортаның жуынды суын патогенді стафилококке зерттеу

5.Сыртқы ортаның жуынды суын БГКП-ге зерттеу

6.Дәрі-дәрмек стерильдігін зерттеу

Микробиологиялық зертханада зерттелетін микроорганизмдер жиынтығы:

1.Стафилококк тұқымдастығы (Staphylococcus)

2.Стрептококктар тұқымдастығы (Streptococcaceae)

3.Ішек таяқшасы бактериялары тұқымдастығы (Enterobacteraceae)

4.Көгілдір ірің таяқшасы тұқымдастығы (Pseudomonas)

5.Дрожды саңырауқұлақтар тұқымдастығы (Кандида)

Жалпы зерттеу түрлері:

1.Микроскопиялық зерттеу (препаратты бояу)

2.Өсімдік зерттеу (қоректік орталарға)

3.Биохимиялық зерттеу

Микробиологиялық зерттеулер уақыты -48-72 сағат. Ішек инфекциясына зерттеу уақыты - 4-5 күн, алдын-ала жауап - 24 сағат.

Зертхана жетістігі:

-Жоғары сапалы қоректік орталар

-Біліктілігі жоғары қызметкерлер

-Ыңғайлы жұмыс тәртібі

-Зерттеулердің кең ауқымдылығы

-Нәтиженің кезексіз жылдам дайындығы

Бізбен байланысу:

+7(7242) 23-51-50

+7(7242) 23-52-78

+7(7242) 23-51-96

Ішкі номер: 193