​№1 ЖОСПАРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы

Бөлімше меңгерушісі

Бірінші санатты дәрігер

Хирургия №1 бөлімшесі 25 төсек орын жұмсақ және қатты құрал жабдықтармен толық қамтылған. Көп бейінді облыстық ауруханасының Хирургия бөлімшесі ТМД аумағындағы абдоминальді, торакальді және эндоскопиялық хирургияда көшбасшылардың бірі. Бөлімше құрылғаннан бастап көптеген күрделі оталар жасалды. Біздің мамандар алыс және жақын шетелдердегі жетекші клиникаларда мамандандырудан өтуге мүмкіндік алған: АҚШ, Франция, Түркия, Израиль, Литва, Ресей, Украина. Бөлімше қызметкерлері ғылыми конференциялар мен хирургиялық форумдарға қатысады. 10 республикалық ұлттық журналдарда 110-нан аса ғылыми мақалалар жарияланған.

Бөлімшенің басым бағыты болып, кіші инвазивті абдоминальді, торакальді, лапароскопиялық оталарды орындау болып табылады.

• ауырсыну сезімінің аз болуы

• орын алатын асқынулардың аз болуы

• науқастардың тез арада қалпына келуі

• жоғары косметикалық әсер, отадан кейінгі тыртықтың болмауы

• бір мезгілде көлемді тыртықтарсыз 2-3 отаны жүзеге асыру


Мамандандырылған хирургиялық топ:

• жалпы хирург

• эндовидеохирург

• торакальді хирург

• эндокринді хирург


Бөлімшеде төмендегідей науқастарға оталар жасалады

•Бауыр гемангиомалары

•Өт қабы және өт жолдары ісіктері

•Бауыр эхинококкозы

•Бауыр альвеококкозы

•Бауыр кисталары

•Бауырдың поликистозы

•Ұйқы безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері

•Ұйқы безінің цистаденомасы

•Фатеров емізікшесінің ісіктері

•Ұйқы безінің кисталары және жыланкөздері

•Жедел және созылмалы холецистит

•Холедохолитиаз

•Өт жолдарының тыртықты тарылулары

•Іштің ақ сызығының, шап, кіндік және отадан кейінгі вентральді жарықтар

•Диафрагманың өңешті тесігінің жарығы

•Асқазан, тоқ ішек және жіңішке ішек ісіктері

•Қалқанша безінің хирургиялық аурулары


ДИАГНОСТИКА

- ультрадыбыстық зерттеу

- компьютерлі томография,

- рентген контрастты зерттеу әдістері,

- зертханалық диагностика,

- лапароскопия,

- гастродуоденоскопия,

- колоноскопия,

- бронхоскопия.

- магнитті резонансты томография


Бөлімшеде жасалатын хирургиялық оталар мен технологиялар:

•Бауырдың резекциялары (гемигепатэктомия, сегментарлы, атипиялық)

•Эхинококкэктомия (ашық/лапароскопиялық)

•Бауыр гемангиомасының энуклеациясы

•Бауырдың паразитарлы емес кисталарын алу(ашық/лапароскопиялық)

•Ұйқы безіне радикальді оталар (панкреатодуоденальді резекция, ұйқы безінің дистальді резекциясы, корпокаудальді резекция)

•Ұйқы безін дренаждаушы оталар (панкреатоеюностомия, цистоеюностомия)

•Холецистэктомия (ашық/лапароскопиялық)

•Холедохолитотомия, холедохолитиаз кезінде өт жолдарының сыртқа дренаждаушы оталар

•Өт жолдарына реконструктивті оталар (гепатикоеюностомия, гепатоеюностомия,Сейпол-Куриан бойынша бауыр арқылы дренаждау)

•Өт жолдарына декомпрессивті кіші инвазивті оталар (тері арқылы бауыр арқылы өт жолдарын дренаждау«билиарлы декомпрессия»,

бауыр арқылы пункционды холецистостомия)

•Жалпы хирургиялық оталар

•Жарық қақпаларын«Ultrapro» полипропиленді торымен кернеусіз пластикасы

•Субтотальді, тотальді тиреоидэктомия,

•Асқазан резекциялары (Бильрот І, Билрот ІІ, Цацаниди бойынша кеңейтілген гастроспленэктомия),

•Жіңішке және тоқ ішектердің резекциялары, гемиколэктомия

•Сүт безінің секторальді резекциясы


Эндоскопиялық оталар:

•холецистэктомия

•холангиография

•аппендэктомия

•ваготомия,

•фундопликация по Ниссену

•герниопластика ТАРР, ІРОМ

•лапароскопия (диагностикалық, санационды),

•адреналэктомия (бүйрек үсті безінің ісіктері)

•өкпенің кистэктомиясы (паразитарлы және паразитарлы емес кисталар, фибромалар)

•бауырдаң кистэктомиясы (паразитарлы және паразитарлы емес кисталар)

•торакоскопиялық сипатэктомия (Рейносиндром)


Қызметкерлер

Шүленбаев Абдулла Сыздықұлы – дәрігер хирург, бас хирург ,жоғары санатты дәрігер.

Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы -дәрігер хирург,директордың хирургия саласы жөніндегі орынбасарының у.м.а.

Таждинов Жандос Бектұрғанұлы – бет-жақ хирургы, бірінші санатты дәрігер.

Бисенов Ербол Серікбайұлы – отололаринголог дәрігері, жоғары санатты дәрігер.

Жалмағанбетов Әсет Абутәліпұлы – дәрігер хирург.

Алтаев Мейрамбек Жумабековұлы-бет-жақ хирургы.

Бізбен байланысу:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

ішкі нөмірлер 358, 130, 212