Мейіргерлер күні

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

12 мамыр -Халықаралық Мейіргерлер күні деп атау берілген. Бұл мерекені әлемнің көптеген мемлекеттері атап өтеді. Ізгіліктің нұрын себетін мамандық иелері, қашанда құрметке лайық. Көп бейінді облыстық ауруханада орта буын медицина қызметкерлері 590, кіші буын 332 қызметкерлері жұмыс жасайды. Сіздер осы мекеменің омыртқасына бекітілген қабырғадайсыздар десем болады.

Сіздердің тынбай еткен еңбектеріңіздің нәтижесінде, тұтас бір аурухананың ынтымағы орнап, ауызбірлігі артып отыр.Сіздерге арналған құттықтауымның да сәл ерекше болғандығын жасырмаймын. Жыл сайын мерекелік іс-шара жасап, еңбегімен көзге түскен әріптестерімізді ұлықтап отырушы едік. Биыл да бәрі де өзгеше болып отыр. Себебін жақсы білесіздер. Шындығына келгенде, Сіз бен біздің басты міндетіміз, жүрек қалауымызбен таңдап алған мамандығымыз - адамзаттың амандығын сақтау. Сондықтан да, ең бірінші өзіміз үлгі көрсетуіміз қажет.

Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті, абыройдың биігінен көрініңіздер