ОМО дәрігер хирургтардың тәжірибесінен клиникалық жағдай

20.09.2017ж сағат 06:46 ОМО қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасымен жол апат оқиғасынан кейін 1993 жылы туылған Қала тұрғыны келіп түсті. Жағдайы өте ауыр плевропульмональді шок жағдайында болды. Науқасты қабылдау бөлімшесінен ота жасау бөлімшесіне шұғыл түрде ота жасау үшін көтерілді.

Ота атауы: Сол жақты торакотомия. Сол кеуде қуысынан бөгде затты алу, сол өкпенің төменгі бөлігінің соғылып-жыртылған жарақатын тігу. Сол плевра қуысын дренаждау.

Диагнозы: Сол кеуде клеткасының ашық енбелі жарақаты. Сол өкпенің төменгі бөлігінің соғылып-жыртылған жарақаты. Ашық пневматоракс. Перикардтың жанама жарақаты. Сол жақ ІV-V-VІ-Х-ХІ қабырғаларының ашық сынығы. Плевропульмональді шок І-ІІ дәрежесі.

21.09.2017ж науқас хирургия №1 бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі таңда жалпы жағдайы ауыр, алған жарақатына және жасалған отаға сәйкес. Толық есінде, адекватты. Емін қабылдауда.