Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі

Директордың пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Махамбетияр Нұрбол Мейрімханұлы

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізуге құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі (әрі қарай Ішкі аудит қызметі) негізі 2009 жылы сәуір айында қаланды.

Бұл Қызметті жетекшілік ететін Көп бейінді облыстық ауруханасы директорының пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Махамбетияр Нұрбол Мейрімханұлы.

Ішкі аудит қызметі жөніндегі орынбасарының у.м.а. Махамбетияр Нұрбол Мейрімханұлы, 03 мамыр 1984 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «емдеу ісі» факультетін бітірген, дәрігер – невропатолог, сарапшы дәрігер-невропатолог. Казіргі танда Ішкі аудит қызметы ұлттық аккредитацияға дайындық жұмыстарын өткізуде: бөлімшелер бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі және симуляциялық орталығында оқыту және практиқалық көмек көрсетеді.

КБОА –да тегін тәулік бойы істейтін “Сенім» телефоны ұйымдастырылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 28.09.2015ж. №773 бұйрығына сәйкес КР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.02.2015ж. бекіткен Медициналық қызметкер сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру мен өткізу туралы Жол картасын және КР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 17.07.2015ж. өткізілген алқа шешімінің 11.4 тармағының орындау мақсатында КБОА-да 2015ж. қазан айынан бастап «Медициналық ақпаратты бірінғай Call- орталығы» ашылды.

Ішкі аудит қызметі құрамында Тәжірибелі мамандар қызмет етеді:

Аманкелді Жұбатқанұлы Қадырбаев – бірінші санаттағы терапевт, жоғары санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы;

Сегізбаев Ерсултан Сегізбайулы – бірінші санаттағы дәрігер хирург – уролог;

Карибаев Мамыт Карибайұлы – жоғары санаттағы дәрігер хирург

Ішкі аудит қызметінің мақсаты:

1.Медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалайтын көрсеткіштерге баға беру және талдау жүргізу;

2.Клиникалық аудит жүйесін жетілдіру, қаралған стандарттарға сай емдеу-диагностикалық іс әрекеттерді жүргізудегі ретроспективті және ағымдағы

талдау жасау;

3.Мекемеде орындалып жатқан процесстердің денсаулық сақтау бойынша стандартқа сәйкестігі мен аккредиттеуге сәйкестігіне баға беру;

4.Пациенттердің қанағаттану деңгейін зерделеу;

5.Мекемені аккредиттеуге дайындау;

6.Медициналық технологиялар мен дәрі-дәрмектің жағымсыз әсерлеріне талдау жасау және есепке алу.

Ішкі аудит қызметінің функциясы:

1.Пациенттерден және медицина қызметкерлерінен түскен мәселелерді, арыз-шағымдарды дер кезінде, уақытылы қарап, пациенттің және

медицина қызметкерлерінің қанағаттану деңгейін зерделеу;

2.Көп бейінді облыстық ауруханасының сапа көрсеткіштеріне талдау жасау және өңдеу;

3.Көп бейінді облыстық ауруханасының материалды-техникалық ресурстарын және кадрларды нәтижелі және тиімді пайдалану жағдайына баға беру.

4.Белгіленген стандартқа сай пациенттерге көрсетіліп жатқан медициналық көмектің технологиясына баға беру (клиникалық аудит жүргізу) және

комиссиялық баға беруге жататын жағдайларды іріктеу;

5.Кепілді тегін медициналық көмек берудің ережесін сақтауды қадағалау;

6.Нәтижелі және сапалы медициналық көмек көрсетуге бейімдейтін және жұмыс барысындағы дефектілерді жоюға және алдын алуға арналған

бағдарламалық іс шараларды жетілдіру;

7.Көп бейінді облыстық ауруханасын аккредиттеуге дайындау және аккредитациядан өткізу.

Көп бейінді облыстық ауруханасы алғаш рет Аккредиттеуден 2009 жылы, 2011 жылы, 2015 жылы үш жылға тағы да аккредителенді, орталықты аккредиттеуден

өту бағытында атқарылған жұмыстарға аудит қызметкерлері белсене араласып, көш басшылық етті.